Дефектолог: Нұрадин Салтанат Бекмағамбетқызы

Жеке дамыту сабағында оқушым Сұлтан Аружанмен жұмыс жүргізілді.✔️ Қол моторикасын дамыту үшін – пришепкалармен күннің сәулесін, бұлттың тамшыларын жасалды.✔️ Су-джок әдісі арқылы алақанына жеңіл массаж жасалды.✔️ Гидрогельді шариктерді қолданып, олардың жұмсақ екенін сезіну арқылы үйрету. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)

Ата-аналар жиналысы

Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста 2025–2026 оқу жылының мақсат-міндеттері, оқушылардың тәртібі мен үлгерімі, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс мәселелері талқыланды. 👩‍🏫 Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың оқу барысы жайлы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. 👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мектеппен бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді. ✅ Мұндай басқосулар ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс…

«Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та, бар қалан»

Кітапханамызда қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңіліп, өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен тағылым алды. Шараның мақсаты – жастарды ұлт мақтанышына айналған тұлғаның даналығымен сусындату, өнер-білімге құштарлық пен адамгершілікке тәрбиелеу. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)

Кітап қорымыз жаңа көркем әдебиеттермен толықты!

Құрметті оқырмандар, сіздерді кітапханаға келіп, жаңа түскен шығармалармен танысуға шақырамыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)

Қымбатты оқушыларымыз!

Қымбатты оқушыларымыз!

Сендердің қуаныштарың – біз үшін ең үлкен бақыт! Кинотеатрдан алған әсерлерің, шат күлкілерің – бізге де қуаныш сыйлады. 💫 Әрдайым жүздерің жарқын болып, осындай қуанышты сәттер көп болсын! ❤️

ИП «Сатаева» атынан алғыс!

Қуандық мырзаға мың алғыс! 🙏 Оқушыларымызға қуаныш сыйлап, ерекше әсерге бөленуіне себепкер болды. 📽️ Оқу-әдістемелік орталығының тапсырмасымен оқушыларымызды «Адам: Нартәуекел» фильміне апардық. Балалар үлкен әсер алып, көңілдері көтерілді. 🌟 Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)

«Мейірім шуағы» қайырымдылық акциясы

💫 Мектебімізде қыркүйек айының 12 жұлдызы күні көркем еңбек пәні мұғалімдері Аккулова Жайжан Тубировна, Кулжанова Карлыгаш Максимовнаның ұйымдастыруымен “Мейірім шуағы” атты әлеуметтік қолдау акциясы өткізілді. ✨Акцияның мақсаты — қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу, балаларға жанашырлық танытып, қолдау көрсету. 🫧”Жақсылық жасау- жүректен шығатын ізгілік”. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)

Бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты тәрбие сағаты өткізілді

Іс-шараға ата-аналар, ұстаздар және оқушылар қатысып, отбасылық құндылықтар дәріптелді. Шара соңында естелікке фотоға түсті.