Рухани сапар – ұлт мақтанышы Әбіш Кекілбаевқа тағзым
Еңбек пәні бірлестігі мен мектеп кітапханашысының жоспарына сәйкес оқушыларымызды Ақтау қаласындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне алып бардық.
Бұл тағылымды сапардың мақсаты – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, қазақ әдебиетінің алыбына деген құрметін арттыру, оқушыларды ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Балалар жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алып, оның қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы ой бөлісті. Осындай рухани кездесулер оқушылардың кітапқа, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, елжандылық сезімін қалыптастырады.
✨ Ұлы тұлғаларды танып-білу – болашаққа нық қадам!
