Ата-аналар жиналысы
Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста 2025–2026 оқу жылының мақсат-міндеттері, оқушылардың тәртібі мен үлгерімі, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс мәселелері талқыланды. 👩🏫 Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың оқу барысы жайлы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. 👨👩👧👦 Ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мектеппен бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді. ✅ Мұндай басқосулар ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс…
«Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та, бар қалан»
Кітапханамызда қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңіліп, өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен тағылым алды. Шараның мақсаты – жастарды ұлт мақтанышына айналған тұлғаның даналығымен сусындату, өнер-білімге құштарлық пен адамгершілікке тәрбиелеу. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)
Кітап қорымыз жаңа көркем әдебиеттермен толықты!
Құрметті оқырмандар, сіздерді кітапханаға келіп, жаңа түскен шығармалармен танысуға шақырамыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)
Қымбатты оқушыларымыз!
Сендердің қуаныштарың – біз үшін ең үлкен бақыт! Кинотеатрдан алған әсерлерің, шат күлкілерің – бізге де қуаныш сыйлады. 💫 Әрдайым жүздерің жарқын болып, осындай қуанышты сәттер көп болсын! ❤️
ИП «Сатаева» атынан алғыс!
Қуандық мырзаға мың алғыс! 🙏 Оқушыларымызға қуаныш сыйлап, ерекше әсерге бөленуіне себепкер болды. 📽️ Оқу-әдістемелік орталығының тапсырмасымен оқушыларымызды «Адам: Нартәуекел» фильміне апардық. Балалар үлкен әсер алып, көңілдері көтерілді. 🌟 Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)
Көңілді қоңырау
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)
«Мейірім шуағы» қайырымдылық акциясы
💫 Мектебімізде қыркүйек айының 12 жұлдызы күні көркем еңбек пәні мұғалімдері Аккулова Жайжан Тубировна, Кулжанова Карлыгаш Максимовнаның ұйымдастыруымен “Мейірім шуағы” атты әлеуметтік қолдау акциясы өткізілді. ✨Акцияның мақсаты — қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу, балаларға жанашырлық танытып, қолдау көрсету. 🫧”Жақсылық жасау- жүректен шығатын ізгілік”. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)
Бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты тәрбие сағаты өткізілді
Іс-шараға ата-аналар, ұстаздар және оқушылар қатысып, отбасылық құндылықтар дәріптелді. Шара соңында естелікке фотоға түсті.
Бастауыш сынып оқушыларымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты тәрбие сағаты өткізілді
Шараның мақсаты – оқушыларға отбасының маңызын түсіндіру, ата-анаға құрметпен қарауға, бірлік пен сыйластыққа тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, мақал-мәтелдер айтып, шағын көріністер қойды. Тәрбие сағаты балаларға отбасының бақыт мекені екендігін ұғындырып, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттырды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)
