Бастауыш сынып оқушыларымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты тәрбие сағаты өткізілді
Шараның мақсаты – оқушыларға отбасының маңызын түсіндіру, ата-анаға құрметпен қарауға, бірлік пен сыйластыққа тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, мақал-мәтелдер айтып, шағын көріністер қойды. Тәрбие сағаты балаларға отбасының бақыт мекені екендігін ұғындырып, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттырды.
