Тәуелсіздік — ұлт жүрегіне тұнған еркіндік үні

Бұл күн – бабалардың ғасырлар бойғы арманын ақтаған, елдіктің еңсесін биіктеткен қасиетті белес. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Азат күннің арайлы шапағы әр шаңыраққа шуақ болып құйылсын.Көк туымыз көкте қалықтап, қасиетті халқымыздың рухы асқақтай берсін! Бірлігіміз бекем, берекеміз мол болсын. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік — ұлттың жүрегіндегі мәңгілік алау, бабалардың рухымен суарылған қасиетті таң.Бұл күн – тарлан тарихтың қойнауынан жеткен ержүрек елдің еркіндікке деген ең соңғы, ең асқақ арманының ақиқаты.Кең далада ескен самалдан да азаттықтың иісі сезіледі.Көк аспанда қалықтаған көк ту – ұрпақтың үміті, елдіктің символы. Тәуелсіздік күні құтты болсын!Ұлы даладай дарқан көңілімізден бірлік оты өшпей, қасиетті еліміздің…

Әлеуметтік қолдау

Еңбек пәні мұғалімдері үйде (жеке) оқитын оқушымыз Куванч Назымға әлеуметтік қолдау көрсетіп, оның аз қамтылған, жалдамалы пәтерде тұратын көп балалы ана екенін ескере отырып, азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар түрінде көмек берді. Бұл игі іс отбасының күнделікті тұрмысына оң әсер етіп, әлеуметтік жағдайын жеңілдетуге ықпал етті. Әріптестеріме мың алғыс! Табыстарыңыз еселене берсін! Посмотреть эту публикацию…

Мектеп директоры мен инспектордың бірлескен еңбегі — сапалы білімнің кепілі

Мектеп директоры мен инспектордың бірлескен еңбегі — сапалы білімнің кепілі

Білім сапасын арттыру – бір адамның емес, біртұтас команданың еңбегі. Осы жолда мектеп директоры мен инспектордың бірлескен жұмысы ерекше рөл атқарады. Олардың ынтымақтастығы:🔹 оқу үдерісін жүйелеуге,🔹 мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуге,🔹 оқушыларға жайлы және қауіпсіз білім ортасын қалыптастыруға,🔹 мектептің даму бағыттарын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Директор – мектептің даму стратегиясын анықтайтын көшбасшы болса.Инспектор – сапа мен…

Yessenov University

Бүгін, 2025 жылдың 3 желтоқсан күні, Ақтау қаласындағы Yessenov University-ге қонақ әрі эксперт ретінде шақырылу — мен үшін үлкен мәртебе. Студенттермен және оқытушылармен тікелей жүздесіп, тәжірибе бөлісу, кәсіби бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау – күнді ерекше мағыналы етті. Эксперттік сессия барысында тыңдалым деңгейінің жоғары болуы, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы қуантты. Білімге құштар жастармен жұмыс жасау әрқашан…

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағындағы әсерлі сәттер

Бүгінгі сабақ ерекше бір жылулыққа толы болды. Оқушылар ас үй әлеміне қадам басып, көкөністерден түрлі-түсті, дәмі балдай салат дайындады. Әр баланың қолынан туған ұқыптылық пен ынтасы – көз қуанышы. Жасыл қиярды тураған сәтте олардың жүзінен қызығушылық байқалса, қызанақтың шырынды бөліктерін салатқа қоса бастағанда өз-өздеріне деген сенімі артқандай болды. Бірі пышақты дұрыс ұстауды меңгерсе, бірі көкөністердің…

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағы

Бүгінгі сабақтың мақсаты – оқушыларды күнделікті өмірде кездесетін тұрмыстық жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, өз-өзін күте білуге, қоршаған ортада қауіпсіз әрі мәдениетті әрекет етуге үйрету. Бұл пән оқушылардың өмірлік дағдыларын жетілдіріп, дербес әрекет етуіне және қоғамға бейімделуіне үлкен ықпал етеді. Сабақ барысында оқушылар тазалық сақтау, күн тәртібін ұйымдастыру, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, қаржылық сауаттың қарапайым элементтері…

Асық ату

Асық ату – қазақтың ұлттық ойындарының бірі, ғасырлар бойы балалар мен жастарды ептілікке, дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелейтін дәстүрлі ойын. Бұл ойын әр өңірде сәл өзгеше ережелермен ойналғанымен, жалпы мазмұны бір. Ойынның мақсаты: Асықты дәлдікпен атып, белгіленген межедегі немесе шеңбердегі асықтарды ұтып алу. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидатын орындау мақсатында мектептердегі қорқытудың алдын алу бойынша анимациялық бейнеролик дайындады

Бейнежазбаның мақсаты — буллингті алдын алу және болдырмау, мектеп оқушыларына мұндай фактілер туралы мектеп басшылығы мен ата-аналарға дер кезінде хабарлау туралы түсіндіру. Облыстық прокуратура кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) үшін жауапкершілікті ескертеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿Маңғыстау обл-ы Мұнайлы ауданы (@3arnaiy_mektep.munaily)