Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағындағы әсерлі сәттер
Бүгінгі сабақ ерекше бір жылулыққа толы болды. Оқушылар ас үй әлеміне қадам басып, көкөністерден түрлі-түсті, дәмі балдай салат дайындады. Әр баланың қолынан туған ұқыптылық пен ынтасы – көз қуанышы.
Жасыл қиярды тураған сәтте олардың жүзінен қызығушылық байқалса, қызанақтың шырынды бөліктерін салатқа қоса бастағанда өз-өздеріне деген сенімі артқандай болды. Бірі пышақты дұрыс ұстауды меңгерсе, бірі көкөністердің атауын қайталап, есте сақтау қабілетін дамытты.
Бұл тек салат дайындау ғана емес – өмірге қажетті дағдылардың бастауын үйрену, өз еңбегіне қуану, бір-біріне көмектесу, ортақ іске үлес қосу сынды маңызды құндылықтарды ұғыну сабақтары болды.
Сабақ соңында балалар дайындаған салаттарының дәмін көріп, өз қолымен жасаған еңбегінің тәтті екенін сезінді. Ал біз үшін олардың қуанышты күлкісі – ең үлкен жетістік.
🌱 Әр кішкентай қадам – үлкен өмірге бастар жол.
