Yessenov University
Бүгін, 2025 жылдың 3 желтоқсан күні, Ақтау қаласындағы Yessenov University-ге қонақ әрі эксперт ретінде шақырылу — мен үшін үлкен мәртебе.
Студенттермен және оқытушылармен тікелей жүздесіп, тәжірибе бөлісу, кәсіби бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау – күнді ерекше мағыналы етті.
Эксперттік сессия барысында тыңдалым деңгейінің жоғары болуы, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы қуантты. Білімге құштар жастармен жұмыс жасау әрқашан шабыт береді.
Осындай шаралар жаңа ойлар мен жаңа энергия сыйлайды.
Yessenov University ұжымына жылы қабылдауы, жоғары деңгейдегі ұйымдастыруы және сенім білдіргені үшін зор алғыс айтамын.
Ақтау қаласы өз динамикасы мен дамуға деген ұмтылысы арқылы әр келгенде ерекше әсер қалдырады.
Эксперт ретінде шақырылған күн – кәсіби тәжірибемді бөлісіп қана қоймай, өзім үшін де жаңа ой түйген құнды мүмкіндік болды.
Шақырту жасағандарыңызға үлкен рақмет!
