«Мектепке жол» акциясы
«Мектепке жол» акциясы барысында №3 арнайы коммуналдык мемлекеттік мекемесінің оқушыларына көмек көрсеткен Мұнайлы аудандық әкімшіліктеріне алғыс білдіреміз.
«Мектепке жол» акциясы барысында №3 арнайы коммуналдык мемлекеттік мекемесінің оқушыларына көмек көрсеткен Мұнайлы аудандық әкімшіліктеріне алғыс білдіреміз.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазиева Күмісай Шапыйқызы ұлы жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай шығармашылығынан өлеңдер оқып, оқушыларға жазушының әдебиетке қосқан зор үлесі мен оның шығармаларының рухани маңыздылығын түсіндірді. Оның әсем нақышпен оқыған өлеңдері шараға ерекше әсер беріп, қатысушылардың жүрегінен орын тапты.
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда 100 мыңға жуық бала бос уақытын тиімді өткізіп жүр. Олар 11 қосымша білім беру ұйымы мен 3 мыңға жуық үйірмеге барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республикалық деңгейдегі зияткерлік сайыстың үшінші кезеңі 13-18 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Облыс бойынша олимпиадаға 665 оқушы қатысып жатыр. Ережеге сәйкес олимпиада 15 пән бойынша өтеді.