Әбіш Кекілбаевтың өлеңдер
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазиева Күмісай Шапыйқызы ұлы жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай шығармашылығынан өлеңдер оқып, оқушыларға жазушының әдебиетке қосқан зор үлесі мен оның шығармаларының рухани маңыздылығын түсіндірді. Оның әсем нақышпен оқыған өлеңдері шараға ерекше әсер беріп, қатысушылардың жүрегінен орын тапты.
Бұл шараның мақсаты – Әбіш Кекілбаевтың әдеби мұрасын насихаттау арқылы оқушылардың қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, жазушының шығармалары арқылы олардың таным көкжиегін кеңейту.
Қатысушылар мұғалімнің оқыған өлеңдерін ынтамен тыңдап, қазақ әдебиетінің терең мазмұнына тамсанды. Мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңызды құралы болып табылады.