«Абыз аға, Әбіш аға»
Ұлы жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Абыз аға, Әбіш аға» атты әдеби-танымдық шара мектебіміздің кітапханасында өткізілді.
Шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін деректермен танысып, оның әдеби мұрасының маңыздылығы туралы ой бөлісті. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан үзінділер оқылып, танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жазушының кітаптары мен оның шығармаларына арналған көрме қойылды.