Әбіш Кекілбаев мұрағатына саяхат

Мектебіміздің оқушыларын ұлы жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрағатына танымдық сапар жасалды. Бұл шара оқушыларды жазушының бай мұрасымен жақынырақ таныстыру және оның шығармашылық жолына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сапар барысында оқушылар Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен еңбектеріне арналған экспонаттарды тамашалап, жазушының жеке заттары, қолжазбалары және оның шығармашылығына байланысты құнды деректермен танысты.
Мұрағат қызметкерлері оқушыларға жазушының өмір жолы, қоғамдық қызметі және әдеби мұрасы туралы қызықты әрі танымдық дәріс өткізді.

Бұл саяхат оқушылардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын оятып, Әбіш Кекілбаевтың тұлғалық үлгісін түсінуге мүмкіндік берді. Оқушылар саяхаттан үлкен әсер алып, таным көкжиегін кеңейте түсті.

Мұндай шаралар жастардың рухани және мәдени дамуына, сондай-ақ, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *