Бала жүрегіне жол — мейірім мен шыдам арқылы
📚 Сабақ: Айналадағы әлем
✂️ Тақырып: Қайшымен жұмыс
👫 Сынып: 4 “Ә” (зердесі орташа зақымдалған ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар)
👩🏫 Жетекші: білікті маман Тиркешова Мереке Сәрсенбайқызы
Бүгінгі сабақта балалар тек қайшымен жұмыс істеуді ғана үйренген жоқ. Олар өздерінің ұқыптылығын, ұқыппен жасаған іс арқылы төзімділігін, қол моторикасын, және ең бастысы — өз күшіне деген сенімділікті дамытты.
Сабақ барысында әр бала ақ қағаздан түрлі пішіндерді қиып, солар арқылы өз қиялындағы әлемді құрастырды. Бұл тек қана моториканы жетілдіру сабағы емес, ішкі әлемнің есігін ашқан ерекше сәт болды. Бір оқушы кішкентай жүрек қиып, оны “анама берем” десе, енді бірі гүл жасап, “мұғалімге сыйлаймын” деді. Осындай таза ниет пен шынайы көңілден артық қандай сый бар?!
Мереке Сәрсенбайқызы әр баланың ішкі қабілетін байқап, өз ісіне деген ынтасын арттырып, шабыт сыйлай білді. Әр сәт — сенім мен сүйіспеншілікке толы. Себебі бұл тек сабақ емес — өмірге дайындайтын үлкен мектептің кішкентай сатысы.
💬 Мейіріммен жасалған әр іс — бала жүрегінде шексіз үмітке айналады.
