Білім — жүректен жүрекке жеткенде шын мәнінде құнды

Бүгін мектебімізде ерекше балалармен ерекше сабақ өтті. Білікті дефектолог маманымыз — Нурадин Салтанат Бекмагамбетқызы күнделікті сабағында тағы да кәсіби шеберлігімен, бала жүрегіне жол табар даналығымен тәнті етті.

Сабақ барысында әр бала өз мүмкіндігіне сеніп, әрбір тапсырманы орындауда көзіндегі ұмтылыс пен жүрегіндегі сенімді сезіндік. Бұл — Салтанат Бекмагамбетқызының мейірімге толы көзқарасы мен жүйелі жұмысының жемісі.

🧠 Дефектолгиялық жаттығулар, моторикалық тапсырмалар мен танымдық ойындар — барлығы да баланың жеке қабілетін ашуға бағытталған. Мұндай сабақтарда әр бала өз дарынын танып, дамуға деген алғашқы қадамын жасайды.

🌈 Әрбір баланың жүрегіне жарық сыйлап жүрген ұстазымызға шексіз алғыс білдіреміз. Сіздің еңбегіңіз — үміттің шырағы, болашақтың іргетасы.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *