15 ҚАРАША — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ!
Бүгін — еліміздің қаржы тәуелсіздігінің символына айналған теңгенің туған күні.
1993 жылы дәл осы күні теңге айналымға еніп, Қазақстан өз ұлттық валютасына ие болды.
Бұл — экономикалық дербестігіміздің қалыптасуындағы маңызды қадам.
💳 Теңге — тұрақтылықтың, тәуелсіздіктің және ұлттық бірегейліктің белгісі.
Осы мереке баршаңызға мол табыс, берекелі күндер және қаржылық тұрақтылық әкелсін!
Әр теңгеңіз еңбек пен еңбектің қадірін арттыра берсін!
