Республика күні – ұлт мерейі, ел бірлігі күні!

25 қазан — Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Республика күні. Бұл күн — еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігінің негізі қаланған тарихи сәтті еске алу ғана емес, болашақ ұрпаққа отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті дарытатын маңызды мейрам.

Осы атаулы күнге орай, мектебіміздің білікті педагогы, өз ісінің шебері — Қалдыбаева Сауле Бердыкличовна оқушылармен мазмұнды сынып сағатын өткізді.

Сынып сағаты барысында Сауле Бердыкличовна балаларға Республика күнінің тарихи мәнін, Қазақстанның егемендікке жету жолындағы маңызды оқиғаларын түсіндіріп, Тәуелсіз еліміздің жетістіктеріне шолу жасады. Оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, ән шырқап, өз ойларымен бөлісті.

📚 Тәрбие сағаты — тек ақпарат беріп қана қоймай, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух, елге деген сүйіспеншілік дәнін сепкен тағылымды шара болды.

Сауле Бердікліковнаға ұлағатты еңбегі мен оқушыларға берген өнегесі үшін алғыс білдіреміз!

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *