«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағыты аясында. «Анашым, мен сізді сүйемін» атты бейнеролик түсірілді
Біртұтас ұлттық тәрбие тұжырымдамасының «Адал азамат» бағытын іске асыру мақсатында мектебімізде оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету құндылықтарын насихаттайтын «Анашым, мен сізді сүйемін» атты әсерлі бейнеролик түсірілді.
Бұл жұмыс оқушылардың адами құндылықтарын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, сүйіспеншілік пен рақмет айтуды күнделікті дағдыға айналдыруға бағытталды.
Бейнероликке әр сыныптан оқушылар қатысып, өз аналарына деген жүрекжарды тілектерін, алғыстарын білдірді. Шынайы эмоция мен жақындықты көрсететін бұл шығармашылық жұмыс тәрбиелік мәні зор іс-шаралар қатарын толықтырды.
