Күн саны
📞 Жыл басынан бері Психологиялық қолдау орталықтары 21 298 азаматқа жеке консультациялық және психологиялық көмек көрсетті. Олардың ішінде — 163 бала және 163 ата-ана бар.
✔️Айта кетейік, орталықтар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 20 өңірінде ашылған болатын. Олар балалар мен олардың отбасыларының әл-ауқатын нығайтуға бағытталған психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді.
