Қамқоршылық кеңес отырысы
Бүгінгі отырыста ҚР Президентінің атынан ұйымдастырылатын Жаңа жылдық Шыршаға қатысатын балалар тізімі іріктелді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ жетім және мүгедек балаларды қамтуға ерекше назар аударды.
Бұл шара – балаларға қуаныш сыйлап, олардың жүрегіне жылулық ұялататын маңызды бастама.
Жаңа жыл алдында әр бала мейірім мен қолдауды сезінсін!




