«Адал азамат» біртұтас тәрбие аясында атқарылған жұмыс

2025–2026 оқу жылы барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие тұжырымдамасы негізінде мектебімізде бірқатар тәрбиелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.

Сынып жетекшілері жоспарға сәйкес оқушыларға адамгершілік, жауапкершілік, құрмет, адалдық бағытында түрлі тәрбие сағаттары мен сынып сағаттарын тұрақты өткізіп отырды.

Сабақтар барысында оқушылардың тұлғалық құндылықтарын дамыту, дұрыс мінез-құлық қалыптастыру, қоғамға пайдалы азамат болуға баулу мақсат етілді.

Іс-шаралар интерактивті әдістер арқылы, топтық жұмыс, пікірталас, бейнероликтер талдау, жағдайлық тапсырмалар орындау негізінде ұйымдастырылды.

Мектеп әкімшілігі сынып жетекшілердің жүйелі жұмысына алғысын білдіреді.

Тәрбиелік жұмыстың тиімді жүргізілуі – оқушылардың қауіпсіз, мәдениетті, саналы ортада тәрбиеленуіне үлкен үлес қосады.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *