Ақтаулық оқушылар жүлделерін Түркиядағы зардап шеккендерге жіберді

Ақтау ІТ лицейінің оқушылары 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде үздік атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Қала мектептері арасында бірінші орынды жеңіп алған «Ең үздік Олимпиада командасы-2023» 50 мың теңгеге ие болды. Мектеп оқушылары бұл қаражатты Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде аударуды ұйғарды. -Олимпиадаға біздің мектептен 35 оқушы қатысты. Олар зардап шеккендерге көмектесуге шешім қабылдады. Бұл тұрғыда біз оларға қолдау көрсеттік. Қаражат аударылды, — деді Ақтау ІТ лицейі директорының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Моншақ Ғайыпбаева. Бүгін олимпиаданың облыстық кезеңі басталды.