1 Қыркүйек – Білім күні!
Бүгінгі күн – әрбір шәкірт үшін жаңа арманға, жаңа белеске қадам басатын айрықша мереке.
🏫 Біздің мектебіміз – «Мейірім мекені», әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбиенің алтын қазынасын сыйлайтын киелі шаңырақ.
Мұнда мейірім мен ізгілік, ұстаздық қамқорлық пен шәкірттің арман-үміті тоғысады.
📖 Жаңа оқу жылы толағай табысқа, жарқын жетістікке, жемісті еңбектерге толы болсын!
Барша ұстаздарға – шабыт, оқушыларға – зор табыс тілейміз! 🌟
