Республика күніне арналған жоғары буындардың мерекелік шарасы

Бүгін мектебімізде Жоғарғы буын оқушыларының «Республика – менің мақтанышым!» атты мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті! 🎉

Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы ұлы тұлғалардың ерліктерін еске алып, патриоттық әндер орындап, мәнерлеп өлең оқыды. 💫

Сахнада жастардың шығармашылық қабілеттері мен елге деген сүйіспеншілігі ерекше көрініс тапты.

Мерекелік кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық рух пен елжандылық сезімін қалыптастыру.

Болашағы жарқын Қазақстанның тірегі – білімді де рухы биік жастар! 💙💛
Республика күні құтты болсын!

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *