«Сырлы әлем»
📌 Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 1 қазан күні «Сайын» ауылдық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық «Сырлы әлем» шығармашылық байқауы өтті.
🎭 Байқау жеке ән салу, аспапта орындау, хореография, бейнелеу және қолданбалы өнер секілді 4 аталым бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өз таланттарын паш етті.
👥 Жалпы саны 66 өнерпаз белсенділік танытып, өнер бәйгесінде бақ сынады.
🏆 Қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
✨ Іс-шара ерекше көңіл-күймен, шығармашылық рухта жоғары деңгейде өткізілді.
Барша қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да толағай табыс, сарқылмас шабыт тілейміз! 💫
