«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік
Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектепішілік сенбілік өткізілді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен ұстаздар белсене қатысып, мектеп ауласын тазалауға және көркейтуге өз үлестерін қосты.
🌳 Сенбілік барысында ағаш жапырақтары жиналып, жаз бойы қурап қалған шөптер тазартылды.
