Құрметті отандастар!
Бүгін — халқымыздың тарихындағы маңызды мереке, Республика күні!
Бұл күн – ел еркіндігі мен тәуелсіз таңдау жолын айқындаған, ұлттық бірлігіміздің, мемлекетіміздің берік іргетасы қаланған күн.
Біз ата-бабамыз аңсаған азаттықтың қадірін біліп, еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін аянбай еңбек етуіміз керек.
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Мереке құтты болсын, Қазақстан!
