«Қолжетімділік. Теңдік. Өркендеу» Инклюзия бойынша алғашқы Дүниежүзілік конгресс-Алматы 2025ж.
15–17 қазан күндері Алматы қаласында өткен ауқымды шараға «№3 арнайы мектебі» КММ-ның директоры Мукантаева Улмекен Нурлановна қатысып конгрессте айтылған инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер мен өзекті мәселелер жайлы мекеме қызметкерлерімен бөлісті.
📍 Инновациялар, инклюзивті бастамалар және тең мүмкіндіктер көрмесі – қазіргі қоғамның даму бағыттарын айқындайтын маңызды алаң болды.
📍 Халықаралық ұйымдардың инклюзияны дамытудағы тәжірибесі мен заманауи технологиялардың тиімділігі ерекше назар аудартты.
📍 Әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау жүйесі мен жасанды интеллект дәуіріндегі кәсіптік білім беру мәселелері өзектілігімен ерекшеленді.
Осындай іс-шаралар мен халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу қоғамда тең мүмкіндік пен инклюзивті мәдениетті дамытуға зор серпін береді деп сенеміз.
